Қазақстанның Тәуелсіздігі

А.Соловьева: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – елдің одан әрі даму болжамының алаңы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – елдің одан әрі даму болжамының алаңы, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Парламент Мәжілісінің IV,V шақырылымының депутаты Айгүл Соловьева.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 20:46

«Мен барша қазақстандықтарды ел егемендігінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің алғашында өзіміздің шекарамызды белгіледік. Бұл ауқымды саяси қадам. Әлемде шекарадағы түсініспеушілікке байланысты қанша дау болып жатыр. Біз экономиканы қалыптастырдық, қазір біз Doing Business Report  рейтингі бойынша шағын және орта бизнеске жағдай жасау  саласында   50 елдің қатарындамыз.  Бізде  ұзақмерзімді  «Қазақстан-2050» Стратегиясы бар. Бұл бәсекелестігі жоғары  30 елдің қатарына енгізетін бағдарлама», - деді А.Соловьева.

Ол айтып өткендей, тарихтың есебінше  25 жыл аз уақыт, бірақ жетістіктер бойынша бұл уақытты жүзжылдыққа  балауға болады.

«25 жыл – даму әлеуетін саралап, жаңа вектор құрудың уақыты. Мәселен, ауыл шаруашлығы – біздің негізгі базисіміз, біз әлем бойынша тоғызыншы орында тұрмыз. Біз жарты әлемді қоректендіретін өнім шығара аламыз. Біз сот және құқыққорғау жүйесі бойынша жұмыс істеуіміз керек», - деді А.Соловьева.

Қоғамдық қайраткердің айтуынша, қазір Қазақстанда индустрияландыру мен инновацияны дамыту керек.

«Азаматтар  біз ескі технологиялар арқылы жүре алмайтынымызды  түсінуі керек, жаңасын дайындау керек. Сондықтан Қазақстанда үш тілді білу мақсаты  қойылып отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, бәсекеге қабілетті болу үшін  білімді адамдардың кеңесін ұстануымыз керек.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика