Энергияның балама көздерін дамыту

Қазақстанда 9 айдың ішінде 9 млн тонна мұнай өндірілді

ҚМГ БӨ 9 134 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» АҚ.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 15:51

2016 жылдың алғашқы тоғыз айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есептегенде, ҚМГ БӨ 9 134 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4 181 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% артық.

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 122 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіру көлемі 6 303 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1% артық.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіруде ҚМГ БӨ үлесі 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 2 831 мың тоннаны (тәулігіне 77 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6% кем, және негізінен ПҚИ компаниясындағы мұнай өндіру көлемінің азаюына байланысты.

 




Яндекс.Метрика