Білім беру

ҚР БҒМ сайты оқулықтардың электрондық нұсқасын орналастырды

ҚР БҒМ өз сайтында 1-сыныптың жаңартылған электрондық нұсқасын орналастырды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 15:13

«Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ.Оқулықтардың электрондық нұсқасын қазақстандық баспалар берді, олар биыл барлық бірінші сынып оқушылары үшін оқулық шығарды»,- ­ делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство хабарлағандай, электрондық оқулықтарды пайдалану ­ қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа технологиялық бағытына сәйкес келуімен қоса, оқушылардың бағдарламаға қызығушылығын артттырады.

Оқу құралын интерактивті берудің заманауи әдістері білім алуды кез келген жастағы оқушы үшін қызықты да тартымды ете түспек.

Айта кетейік,  2016-2017 оқу жылынан бастап кезең-кезеңімен бескүндік оқытуға көшу жүзеге асырылады. Жаңа оқу жылында бескүндік оқытуға тек бірінші сыныптар ғана көшеді. 




Яндекс.Метрика