Өңірлер

ШҚО-да жылына 1,8 млн тонна кен өндіретін кен байыту кешені салынады

Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында жылына 1,8 млн тонна кен өндіретін кен байыту кешенінің құрылысы жүруде, 2018 жылдың үшінші тоқсанында барлық жұмыс аяқталады. Бұл турлы облыс әкімі Даниал Ахметов Жарма ауданына барған сапарында баяндады.
Шығыс Қазақстан26 Қазан , 10:53

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ШҚО әкімі Жарма ауданына сапарын Бақыршық тау кен байыту кәсіпорнынан бастады, онда қызметі мен даму әлеуетімен танысты.

Кәсіпорын жылына  1,8 млн тонна кен өндіреді. Инвестиция құны  80 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың үшінші тоқсанында  барлық жұмыстар аяқталады.

Даниал Ахметов  кен емес материалдарды өңдеу мен өндіру учаскесін аралады. Шығарылатын өнім көлемі  жылына  1350 тоннаны құрайды. 




Яндекс.Метрика