Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев және Сауд Арабиясының Королі екі елдің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қазан , 21:05

Келіссөздер барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, атап айтқанда, сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ тараптар өзара іс-қимылдың түрлі салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында зор әлеуетке қол жеткізілгенін және қарқынды даму бар екенін атап өтті.   

Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт;

- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы Адамдарды ұстап беру туралы шарт;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. 




Яндекс.Метрика