Халықаралық интеграция

А.Мамин және Т.Шэннон Қазақстанның экономикалық дамуындағы американдық бизнестің рөлін талқылады

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин АҚШ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннонмен кездесті, деп хабарлайды pm.kz.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 20:53

Кездесу барысында ҚР мен АҚШ арасындағы саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстанның экономикалық дамуындағы американдық бизнестің рөлін, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы мен ЭКСПО-2017 тұрғысында ынтымақтастықтың жаңа болашағын талқылады.

А. Мамин Астанадағы ЭКСПО көрмесінде АҚШ көрме павильонының ұйымдастырылуына алғыс білдірді.

Тараптар Стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия, Энергетика саласындағы әріптестік жөніндегі бірлескен комиссия және Ғылыми-техникалық әріптестік жөніндегі комиссия сияқты қазақстандық-американдық екіжақты тетіктердің сәтті жұмысын атап өтті.

«Біз АҚШ-пен Стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия шеңберіндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлеміз. Бұл тетік өз тиімділігін көрсетіп, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды қадам болды», – деді А. Мамин.

Т. Шэннон ҚР мен АҚШ ынтымақтастығына жоғары баға беріп, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.




Яндекс.Метрика