Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Сауд Арабиясы сотталған адамдарды ұстап беру туралы шарт жасасты

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Эр-Риядқа ресми сапары аясында Сауд Арабиясы Корольдігімен қылмыскерлерді ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық шарттар жасалды.
Әлемде25 Қазан , 20:08

Қазақстан Републикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов осы құжаттарға қол қою Қазақстан мен Араб елдерінің әріптестігін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, екі ел азаматтарының басты құқықтары мен мүдделерін қорғау жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап көрсетті.

Олар қол жеткізіліп отырған келісімдер екі елдің құзыретті органдарының ынтымақтастығын нығайтуға және қылмыспен күреске, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазақстан – ТМД елдері арасындағы Сауда Арабиясы осындай шарттар жасасқан алғашқы ел. Бұл Қазақстанның құқықтық жүйесіне араб елдері тарапынан сенімнің артып келе жатқанының куәсі болып отыр.

Сапар барысында Ж. Асановтың Сауд Арабиясының Бас прокуроры Мұхаммед Фахд Әл Әбдуллахпен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында терроризммен, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыспен, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрес, сотталғандарды ұстап, беру мәселелері талқыланды.

Ведомстволардың басшылары құқықтық салада өзара іс-қимыл жасауды одан әрі кеңейтуге мүдделілік танытты.




Яндекс.Метрика