Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ресейлік сарапшы Қазақстан фермерлеріне бизнесті енгізу негізін жеткізді (БЕЙНЕ)

Ресейлік сарапшы академик Эрнст атындағы Жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Николай Стрекозов Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан фермерлерімен бизнесті енгізу негізімен бөлісті.
Нұр-Сұлтан 26 Қазан, 09:16

«Сүтті мал шаруашылығында бизнес бастау үшін жер болуы керек, бұл бағыт аймақ немесе бизнесті қажет ететін сала», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, екіншіден, қолда бар еңбек ресурсына анықталған бір ферма құру, үшіншіден, мал шаруашылығымен айналысудың жеке қызығушылығы.

Сарапшы айтқандай, мемлекеттік қолдау көрсету де өте маңызды болып саналады.

«Мал шаруашылығында бағалық паритет әзірленуі керек, баға әрбір нарық қатысушысының шығынына қатысты қойылады: өндіруші, өңдеуші және сауда. Ресейлік есеп бойынша, айырмашылық өнім өндірушілерінің  үлесіне жазылуы керек,  олай болмаса, өндірушісі кедергіге ұшырап, кейін саудада негізгі соманың бағасы өзгеріске ұшырайды», - деді сарапшы.

Сарапшы айтқандай, бағаны осылай реттеу өнімді  ұтымды шығаруға мүмкіндік береді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген.  Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.

Индира Қауметова

Видео: Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика