Басқару

Қазақстан жыл соңына қарай Қытайға сиыр және қой етін экспорттайды

Қазақстан жыл соңына қарай Қытайға сиыр және қой етін жеткізед, деді АШМ-де өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 17:21

«Біз экологиялық таза ет тасымалдау мәселесін қарастырып жатырмыз. Алдағы уақытта жылына 50 000-нан 60 000-ға тоннаға дейін сиыр және 300 000 тоннаға дейін қой етін Қытайға экспорттауды жоспарлап отырмыз. Бұл цифрлар отандық ет өңдеуші кәсіпорындардан алынды. Бұл орындар тиістітексерістен өткен соң, Қытайға етті экспорттау құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енеді», - деді ол.

Келіссөздер барысында СИКҚББ Қазақстанның тоғыз облысы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) аусыл ауруына қарсы иммунизация жасалмайтын таза аймақ ретінде мойындайтыны туралы ақпараттық бюлетеннің ресми мәтінін ұсынды.

Баспасөз мәслихаты барысында вице-министр осы жылдың аяғына қарай Қытайға ет өнімдері шығарыла бастайтынын жеткізді. Оның айтуынша, жыл басынан бері көрші мемлекетке 10 000 тонна ет, оның ішінде 3 500 тонна сиыр еті экспортталған екен.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері Қазақстанның барлық өңірлерінен ҚХР-ға ет пен ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған болатын. Бұл ШҚО аумағында аусыл ауруының таралуына орай қолға алынған шара еді.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика