Үкімет

Ұлттық экономика министрі ҚР ауыл шаруашылығына инвесторлар қызығушылығының артуы себебін айтты

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкіметтің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығына инвесторлар қызығушылығының артуы себебін айтты.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 18:51

Министр айтып өткендей, жалпы ауыл шаруашылығы  Қазақсан үшін перспективасы мол сала.

Инвестициялардың айтарлықтай өсуі ауыл шаруашылығында (50,9%-ға, 190,6 млрд. теңгеге дейін), саудада (32,1%-ға, 109,5 млрд. теңгеге дейін) және өңдеу өнеркәсібінде (7,7%-ға, 543,1 млрд. теңгеге дейін), сондай-ақ қаржы қызметінде (6,9%-ға, 44,7 млрд. теңгеге дейін) байқалып отыр.

«Дамушы нарықтарға капитал ағынының жалпы төмендеуіне қарамастан, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың оң серпінін атап өткен жөн. Шетелдік инвестициялардың таза ағыны есепті кезеңде 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы нақтыланған деңгейден 4,4 есеге жоғары (1,3 млрд. АҚШ доллары). Тікелей шетелдік инвестициялардың қомақты үлесі жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталды» - деді Бишімбаев.

Ол елдің сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылғы сегіз айда 28,0%-ға 38,4 мрлд. АҚШ долларына дейін қысқарғанын мәлімдеді. Экспорт 23,0 млрд. АҚШ долларын (28,6%-ға төмендеу) және импорт – 15,4 млрд. АҚШ долларын (27,0%-ға төмендеу) құрады.

Ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалары ескеріле отырып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Бизнестің және жұмыспен қамтудың жол карталарына түзету жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Агробизнес 2020» бағдарламасы негізінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде.

Бишімбаевтің айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту, сервистік-дайындау кооперативтерін құру және суармалы жерлерді айналымға қосу бойынша міндеттер шешілетін болады.

 




Яндекс.Метрика