Басқару

Қазақстан РФ-дан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша шектеулер қойды

Қазақстан РФ-дан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша шектеулер қойды, деді АШМ-де өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 16:54

«Халықаралық эпизоотиялық бюроның (бұдан әрі – ХЭБ) ресми нотификациясы бойынша Ресей Федерациясы Владимир облысының Вышманово ауылы аумағында аусыл ауруы (Foot and mouth disease) тіркелген.Владимир облысы 2016 жылы ХЭБ-мен аусыл ауруынан вакцинациясыз ерікті аймақ құрамына жататындығын ресми түрде иеленген», - деді Г.Исаева.

ХЭБ-ның Жер беті жануарлар санитарлық кодексінің 8.8.2 бабына сәйкес аусыл ауруына қарсы вакцинация (егу) жүргізілмейтін, аусыл ауруынан бос аймақтың талаптарының біріне белгіленген аймақта аусыл ауруының соңғы 12 ай ішінде тіркелмегендігі болып табылады.

«Жоғарыдағыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2016 жылғы 25 қазаннан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына тауарлар кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика