Үкімет

Қазақстан экономикасы үшін ең ауыр кезең артта қалды – Бишімбаев

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Үкіметі отырысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы барысында Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал еткен факторлар туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 16:31

«Біз Қазақстан экономикасы үшін ең ауыр кезең артта қалды деп санаймыз. Біздің бағалауымыз бойынша, ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өтті, сол кезеңде мұнай бағалары өте төмен болды. Кейін 2015 жылғы қыркүйек – қазанда толық аяқталған еркін құбылмалы валюта бағамына көшу салдары көріне бастады. Әрине, ол кәсіпорындар, ұлттық компаниялар, шағын және орта бизнес тарапынан бейімделуді талап етті. Ағымдағы жылғы маусымнан бастап экономика біртіндеп өсіп келеді», – деді министр.

Оның айтуы бойынша, экономиканың өсуіне конъюнктураның Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына өзгеруі әсер етті, олардың арасында мұнай және темір кені, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы осы жылы жиналған рекордтық астық көлемі бар.

«Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қабылданған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы және ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің Дағдарысқа қарсы жоспары да үлкен әсер етті», – деп атап өтті министр.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің отырысы барысында Қ. Бішімбаев ағымдағы жылғы 9 ай қорытындылары бойынша Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 0,4%-ды құрағанын хабарлады.




Яндекс.Метрика