Мәдениетті жаңғырту

Мемлекеттік академиялық филармонияның музыканттары Нью-Йоркте Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетеді

Мемлекеттік академиялық филармонияның музыканттары Нью-Йоркте Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлады Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 20:23

Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Нью-Йоркте әйгілі Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетеді. Музыканттар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орай АҚШ қалаларымен концерттік тур аясында алғаш рет Американың ең танымал залында өз бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынады.

Гастрольдік тур қарашаның 8-і мен 23-і аралығында өтеді. Карнеги Холлдағы концерт ішекті аспаптар квартетінің Америкаға гастрольдік сапарының соңғы аккорды болады.

12 қарашада Олбани қаласында (Нью-Йорк штаты) танымал қазақстандық пианист және композитор Хадиша Оңалбаевамен бірлесіп, маэстро Клэр Фокс Хиллардтың жетекшілігімен, сондай-ақ, Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің қатысуымен Олбани симфониялық оркестрінің маусымының ашылуы өтеді. Хадиша Оңалбаева  «Steinway artist» құрметті атағына ие болған Қазақстанның тұңғыш өкілі. Айта кетейік, ұжым алғаш рет тек қазақ музыкасынан ғана тұратын репертуармен өнер көрсетеді. Концертте қазақстандық композитор Артық Тоқсанбаевтың «Рапсодии для фортепиано с оркестром» премьерасы өтеді. 15 қарашада Америкуста (Джорджия штаты) Джорджия Оңтүстік-батыс университетінде камералық музыка концерті жоспарланған. Ал, 21 қарашада Ғ. Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінің музыканттары Нью-Йоркте әйгілі Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетеді.

Ғ. Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті  Қазақстандағы жалғыз кәсіпқой квартет. Музыканттар квартеттік жанрдың үздік  шеберлері  аты аңызға айналған Бородин квартетінің жетекшісі профессор В.Берлинскийден, «Хаген» Еуропаның топ-квартетіне қатысушы профессор Р.Шмидттен білім алған. Астаналық квартет шығармашылық жетістіктері үшін Мәскеу (Ресей), Бордо (Франция), Осака (Жапония) және т.б. халықаралық конкурстарда көптеген сыйлықтарға қол жеткізген, сондай-ақ, «Үздік квартет» сыйлығының иегері, Гран-приді Испания патшайымы София табыстады. Квартетке қатысушылар – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, олар Швейцария мен Испанияда білім алған. Ішекті квартет құрамында Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка) және Бекзат Сайлаубайұлы (альт) өнер көрсетеді. Квартеттің көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, виолончельші Ернар Мыңтаев.

 





Яндекс.Метрика