«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Биыл ОҚО-да 1140 пәтер пайдалануға берілді (ФОТО)

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу сапасын тексерді, деп хабарлады “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область 25 Қазан, 17:58

Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды.

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі бір жарым есеге дейін ұлғайды.  Бұл саладағы қарқынның дамуына «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында қол жеткізіліп отыр.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкенттегі жылдам өсу үстіндегі аудандардың бірінде болып, жаңадан салынып жатқан көп қабатты құрылыстардың сапасын бағалады.

Биылғы жылы ОҚО-да  барлығы 1140 пәтер пайдалануға берілді, олардың жалпы көлемі 64 мың шаршы метрді құрайды. Мұхтар Құл-Мұхаммед жергілікті құрылысшыларды жағымды жаңалықтан хабардар етті. Елбасының тапсырмасымен Қазақстанда мемлекеттік «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы  іске қосылады.  Яғни, еліміздегі құрылыс қарқыны екі есе көбейеді.   

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының саны 2 миллион 800 мыңнан асып кетті. Еліміздегі  халқы ең тығыз орналасқан өңірде биылғы жылы жетпіс үш мың бес жүздей балдырған мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондықтан да «Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі жаңа мектеп құрылыстарын салу болып табылады.  Биылғы жылы – 25 жаңа мектеп салу көзделген.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Достық» мөлтекауданында болып, 1200 орындық жаңа мектеп құрылысының барысын тексерді. Жылдам өсіп жатқан мөлтекауданда жаңа білім беру мекемесінің ашылуын шәкірттер де, ұстаздар да асыға күтуде. Балалардың көптігінен жұмыс істеп жатқан мектепте оқушылар үш ауысыммен оқиды.

ОҚО еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Қазақстандағы жылыжайлардың 87 % ОҚО орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады. Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең үлкен және алдыңғы қатарлы жылыжай кешені - «Адель» шаруа қожалығында болды. Бұл шаруашылықты өркендету үшін екі жарым миллиардтан астам теңге салынған.





Яндекс.Метрика