Халықаралық интеграция

Қытай Қазақстанның 9 облысынан аусыл бойынша шектеулерді алды

Қытай Қазақстанның 9 облысынан аусыл бойынша шектеулерді алды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 15:31

«Ағымдағы жылғы қыркүйектің соңында Қытай инспекция жүргізіп, Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жай-күйін зерттегеннен кейін, Қазақстанның 9 облысы үшін аусыл бойынша шектеулерді алу туралы шешім қабылдады: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан. Бұл ет өңдеу кәсіпорындары мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша инспекция жүргізілетін екінші кезеңге көшетінімізді білдіреді, олар екінші кезең қорытындылары бойынша өнімін Қытайға экспорттауға құқылы кәсіпорындардың тізіліміне енгізіледі. Алдағы уақытта Қазақстаннан Қытайға сиыр еті мен қой етін жеткізу басталады», - деп хабарлады Г. Исаева.

Еске сала кетейік, бұрын ШҚО аумағында аусыл ошағының тіркелуіне байланысты, 2013 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағынан ет және ет өнімдерін ҚХР-ға жеткізуге тыйым салынған болатын.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика