Халықаралық интеграция

14 қазақстандық өндіруші Уфадағы сауда миссиясына қатысады

Уфада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Башқұртстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы өтуде.
Әлемде25 Қазан , 15:46

Құрылыс, тамақ, химия және машина жасау салаларын қамтитын 14 қазақстандық өндіруші ірі сауда желілерінің өкілдерімен, дистрибьюторлық және көтерме-бөлшек сауда компанияларымен бизнес кездесулер өткізеді, деп хабарлады ұлттық агенттік.

Сондай-ақ, Башқұртстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитет сияқты мемлекеттік органдар мен комитеттердің өкілдері медициналық жабдық өндірушілермен («Актюбрентген» ЖШС) және көпіршіктелген каучук негізінде оқшаулау материалдарын және шыныпакеттер  өндіретін құрылыс компанияларымен («Стекло-сервис» ЖШС және «IT&M» ЖШС) келіссөздер жүргізуге және оларға қатысуға қызығушылық білдірді.

Кейбір компаниялар үшін бұл олардың мұндай форумдарға бірінші рет қатысуы емес,  мысалы, «Аралтұз» ЖШС, «Концерн Бакарасов» ЖШС, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС, «IT&M» ЖШС Ресей Федерациясының басқа қалаларында өткізілген сауда миссиялары алаңдарында ресейлік компаниялармен бұрын келісімдер жасаған болатын және көрші мемлекет нарығына сапалы өнім жеткізуде.  

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 161,4 млн АҚШ долларын құраған, оның көп бөлігі (146 905,3 млн долл) - мұнай және мұнай химиясы өнімдерінің экспорты, 15 млн АҚШ долларға жуығы (14 465 млн долл) – импорт.




Яндекс.Метрика