Өңірлер

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4,9%-ға артты - АШМ

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы республика бойынша 2501,0 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңнің деңгейімен салыстырғанда 4,9%-ға артып отыр.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 09:53

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары экономиканың аграрлық саласында оң даму қарқынының сақталып отырғанын көрсетіп отыр, деп хабарлады АШМ.

Мәселен, 2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылғы осындай кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда 4,9%.-ға артты. Аталған өсім өсімдік шаруашылығы өнімі құнының 7%-ға және мал шаруашылығы өнімі құнының 2,5% өсуімен қамтамасыз етілген.

Мал шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 1 177,9 млрд. теңгені құрады.

А.ж. 1 қазандағы жағдай бойынша мал басы орташа есеппен 1,1 %-ға ұлғайған. Айталық, жылқы саны 6,4%-ға өсіп, 2 млн. 269 мың басты құрады. Ал, ірі қара мал саны 2,7%-ға өсіп, 6 млн.831 мың басты құрады.

Еліміздің аграрлық саласының өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар бойынша астық жинаудың рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Мысалы, 25 қазандағы жағдай бойынша 23 млн. 608,4 мың тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 млн. 892 мың тоннаға артық.

 

 




Яндекс.Метрика