Үкімет

Қазақстан Үкіметі жыл соңына дейін ЖІӨ өсімін 0,5 %-ға шығаруға мүдделі

Қазақстан Үкіметі жыл соңына дейін ЖІӨ өсімін 0,5 %-ға шығаруға мүдделі, деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 12:48

«2016 жылдың  9 айы бойынша  экономикалық өсімнің оңтайланғанын байқадық. Жыл соңына дейін  біз Елбасының  ЖІӨ өсімін 0,5 пайызға жеткізу тапсырмасын орындаймыз. Бұл орайда жоспарды орындауымыз толық сенімге ие.  Инфляция дәлізі  6-8 пайызын ұстай отырып, осы төңіректе жұмыс істейміз. Кей жерлерге түзетулер енгізуіміз  мүмкін», - деді Б. Сағынтаев.

Үкімет басшысы айтып өткендей, өнеркәсіптік  оң дәрежеде болуына қарамастан,  машина жасау, темір рудасы мен құрылыс саласында  бірқатар мәселелер бар.

«Елбасының тапсырмасы бойынша орталық органдар мен әкімдіктермен бірігіп  бізде бар резервтер бойынша  жұмыс істеу жүктелді. Әрбір жеке кәсіпорын бойынша жұмыс істеу қажет болады», - деді Премьер-Министр.

Осы орайда, Б.Сағынтаев Үкімет мүшелеріне осы мәселені шешуді тапсырды.

«Асқар Ұзақпайұлы (Мәмин – премьер-министрдің бірінші орынбасары)  сізге осыған дейін министрліктер мен әкімдіктерді жинап селекторлық жиналыс өткізу тапсырылған болатын. Біз 0,5 пайыз деңгейде қалмау үшін кімнің қандай резерві бар. Барлық негізгі индекаторлар жүзеге асырылуы тиіс», - деді Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, Қазақстаның ЖІӨ-сі  2016 жылдың  9 айында  0,4 пайызды құрады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика