Үкімет

2016 жылдың басынан бері Қазақстанның халықаралық резерві 4,8 пайызға көбейді

2016 жылдың басынан бері елдің алтын-валюта қоры 12,7 пайызға өсіп, 31,4 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 12:41

«Елдің сыртқы сауда айналымы  биылғы жылдың  8 айында 28 пайызға қысқарып, 38 млрд долларды құрады. Экспорт  23 млрд долларды құрады. Импорт – 15,4 млрд долларды құрады», - деді министр.

Оның айтуынша, экспорт көлемінің түсіміне  мұнай,  алюминий (8,9%-дан  1568,4 долл тоннаға дейін), темір рудасы (7,6%-дан  54,3 долл тоннасына), руда және мырыш  бағасының төмендеуі әсер етті.

Сондай-ақ, ол қыркүйек айының қорытындылары бойынша Ұлттық қордың валюта активтері 64,4 млрд долларды құрағанын айтты. Оның айтуы бойынша, еліміздің халықаралық қоры 2016 жылғы қыркүйек айының соңында 95,8 млрд долларды құраған.

«Қаржы нарығындағы жағдайдың жақсаруы, экономикада оң белгілердің пайда болуы және оң болжамдардың қалыптасуы қазан айының басында базалық мөлшерлемені 12,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болды. Тәуекелдердің төмендеуіне және тұрақтылықтың расталуына қарай, базалық мөлшерлеменің одан әрі де төмендетілуі мүмкін», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика