Үкімет

ҚР Энергетика министрлігі: Қазақстанда жыл соңына дейін 44 млрд текше метр газ өндіру жоспарлануда

Жедел деректер бойынша газ өндіру жыл соңына дейін жоспардағы 44 млрд текше метрдің орнына 33,5 млрд текше метрді құрады, деді энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 12:24

«Жедел деректер бойынша газ өндіру 33,5 млрд текше метрді құрады – бұл 2016 жылғы жоспардың 117%-ы, осы жылға арналған жоспар 44 млрд текше метрді құрайды. 1,9 млн тонна сұйытылған газ өндірілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103%-ды құрайды. 2016 жылға арналған жоспар - 2,6 млн тонна. Тауар газының өндірісі 18 млрд құрады – бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнің 102%-ына жуық, 2016 жылдың соңына дейін біз 26 млрд текше метр өндіруді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады вице-министр.

Сонымен бірге, М. Мырзағалиев мұнай мен конденсат өндіру көлемі 56,8 млн тоннаны құрағанын атап өтті, бұл 2016 жылғы жоспардың 101,6%-ы. Осы ретте 2016 жылға арналған жоспар 75 млн тоннаны құрайды.

«Сонымен бірге, Министрлік жыл соңында 75 млн тонна көлемінде мұнай өндіру деңгейіне қол жеткізу үшін барынша күш салады. Мұнай өңдеу көлемі 10,72 млн тоннаны құрады, бұл 2016 жылғы жоспардың 100,2%-ы. 2016 жылға арналған жоспар 14,15 млн тонна», - деп қосты М. Мырзағалиев.

Оның айтуы бойынша, автобензин өндірісі – 2,193 млн тоннаны, әуе керосині өндірісі 213 мың тоннаны құраған.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика