Үкімет

Өңірлер МЖӘ аясында инвестиция тарту жұмысын белсенділетуі қажет – ҰЭМ

Өңірлер МЖӘ аясында инвестиция тарту жұмысын белсенділетуі қажет, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 12:16

«Жергілікті атқарушы органдар  64 проблемалық мәселе енгізді, оның ішінде  27 мәселе  республикалық бюджеттен  222,7 млрд теңгенің қаржыландыруын қажет етіп отыр. Проблеманың көп бөлігі көлік инфрақұрылымсына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, өңірлер инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға қаражат сұрап отыр, сумен қамту (38,4 млрд теңге), өнеркәсіпті дамыту (34,2 млрд теңге), қоршаған ортаны қорға мен ТЖ-ның алдын алу (11,7 млрд теңге), білім беру (9,6 млрд теңге), денсаулық сақтау (1,2 млрд теңге), ветеринария (0,2 млрд теңге) құрады», - деді Қ.Бишімбаев.

Көлік инфрақұрылымы бойынша  5 өңір проблемалық мәселе енгізді,  78,2 млрд теңгеге қаржыландыру қажет болып отыр.  Ең ірі жоба Алматы облысына тиесілі,  ол 59 млрд теңгені құрап отыр.

«Алматы облысының әкімдігі ірі жоба (Алматы қаласының 6 көшесін ҮАААЖ-ға кіргізу) ұсынып отыр. Ол 59,0 млрд. теңге. Бұл жобаны ҮАААЖ құрылысы аяқталғаннан кейін қарауды орынды деп есептейміз. Атырау облысының әкімдігі 2016-2018 жылдары 11,3 млрд теңгеге қаржыландыру үшін тағы бір жоба («Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» облыстық жолын жөндеу, 123 км) ұсынды. Батыс Қазақстан облыстық жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен жыл сайын 7 млрд. теңгеден бөлуді сұрайды. Қызылорда облысы әуежайды жаңғыртуға 0,8 млрд. теңге сұрап отыр» - деп атап өтті министр.

«БҚО жыл сайын облыстық жолдардың жөнделуіне  7 млрд теңгеден бөлуді сұрап отыр. Қызылорда облысы  әуежайды жаңғыртуға  0,8 млрд теңге сұрап отыр», - деді министр.

5 өңірдің инфрақұрылымдық  саласы бойынша  49,2 млрд теңгенің жобасын қаржыландыру қарастырылған. Ірі жобалар – Астана қаласының ІІД жеке құрамын орналастыру үшін нысан құрылысы (21,7 млрд теңге),  Алматы облысындағы Нұркент жаңа қаласының инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыру (11,3 млрд теңге), Қызылорда облысында  3 елді мекеннің су беру құбырын салуды  (11,2 млрд теңге)  жүзеге асыру қарастырылған. 




Яндекс.Метрика