Үкімет

ЖАО 2017 жылы инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға қосымша 280 млрд теңгеге жуық қаражат алады

Жергілікті атқарушы органдар инвестициялық бағдарламаларды іске асыру үшін 2017 жылы қосымша 280 млрд теңгеге жуық қаражат алады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 12:01

Министр келесі жылдан бастап олар өз шығыстарын қаржыландыра отырып, өз ресурстарын өз бетінше басқаратынын атап өтті.

«Егер жергілікті атқарушы органдардың барлық даму бюджеттерінің 2016 жылға арналған анықталған болжамы 260 млрд теңгені құраса, онда заңда және бюджетте айқындалған 2017 жылға арналған болжам 539 млрд теңгені құрайды. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің инвестициялық бағдарламаларын іске асыру үшін 2017 жылға ғана қосымша 280 млрд теңгеге жуық қаражат алады. Бұл даму бюджеттері ғана және өздеріңіз көріп отырғандай, бюджетті бекіту кезінде облыстар өздері басқара алатын барлық өңірлер бойынша даму бюджеттерінің көлемдері 5-тен 20 есеге дейін ұлғаяды», - деп хабарлады ұлттық экономика министрі ҚР Үкіметінің отырысы барысында.

Мысал ретінде ол Солтүстік Қазақстан облысын келтірді.

«Егер СҚО-ның анықталған даму бюджеті 2016 жылы 1,9 млрд теңгені құраса, 2017 жылы даму бюджеті 22,5 млрд теңгені құрайды, яғни 20 есе өседі», - деп түсіндірді Қ. Бішімбаев.

«Жалпы, келесі жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар қажетті ресурстарды өз бетінше басқара алады. Жыл соңына дейін Қаржы министрлігі 100 млрд теңгеден астам қаражат жоспарлы шығыстардан тыс жергілікті атқарушы органдарда қалатынын болжайды. Бұл олардың өз шығыстарын өз бетінше қаржыландыра алатын қалдықтар мен ресурстар», - деп қорытты Қ. Бішімбаев.




Яндекс.Метрика