Үкімет

Қ.Айтуғанов: 2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,9 пайызға ұлғайды

2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5 пайызға ұлғайды, деді Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 11:43

«2016 жылдың  9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі   жоспардағы  3,6 пайыздың көрсеткішінен   4,9  пайызға ұлғайды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, аталмыш өсім өсімдік шаруашылығы өнімінің  7 пайыздық өсіміне және мал шаруашылығының 2,5 пайыз өсіміне байланысты.

Ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі  Маңғыстау облысын қоспағанда 13 өңірде байқалып отыр, Маңғыстауда  12,3 пайыз  түсім байқалып отыр.   Ең жоғарғы көрсеткіш Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстанда байқалып отыр.  

«Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі Индустрияландыру картасы аясында жаңа жобаларды енгізумен байланысты», - деді ол.

Сондай-ақ, Қ.Айтуғанов айтып өткендей, мал шаруашылығында  орташа есеппен  11,1 пайыздық өсім байқалған, ет өнімінің өсімі  3,2 пайызды, сүт өнімі 3,3 пайызды,  жұмысртқа өсімі  0,3 пайызды құрады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика