Үкімет

Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды – Энергетика министрлігі

Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды, деді Үкімет отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 11:38

«Барлық көрсеткіштер көңілден шығады. Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге 322,2 мың тонна және күзгі дала жұмыстарын өткізуге 360,7 мың тонна жанар-жағармай материалдары тиелді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дизель отыны уақытылы жіберілді.Сондай-ақ елдегі жанар-жағармай бағасының тұрақты екенін де атап өтті. Айтуынша, бензиннің АИ-92, АИ-93 түрінің бір литрі елімізде 125-128 теңге аралығында, ал дизель отыны 129 теңге көлемінде сатылып жатыр», - деді М.Мырзағалиев.

Тапшылық мәселесі жоқ. Жақында қосымша 90 мың тонна дизель әкелінді.

«Сондай-ақ мұнай базасында қосымша 130 мың тонна АИ-92, АИ-93 бензині, 126 тонна дизель отыны сақталып тұр», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика