Үкімет

Қазақстанда 9 ай ішінде несие беру 15,2 пайызға артты

Қазақстанда 9 ай ішінде несие беру 15,2 пайызға артты, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 11:24

«Биылғы жылдың мамыр мен маусым айында экономиканы несиелеу қайта жанданды.  Алайда, шілдеде  0,5 пайызға жинақталған несиенің көбеюі  тамызда 0,1 пайызға төмендеумен байқалды. 2016 жылдың  қаңтар-тамыз айында қайта берілген несие көлемі  8,3 пайызға көбейді.  Ол 2015 жылмен салыстырғанда   6,3 трлн теңгеге  өсті. Алайда, қысқамерзімді несиелердің өсімі байқалды. Есептік кезеңде қысқармерзімді несиенің берілуі  15,2 пайызды құрап, 4,1 трлн теңгеге шықты. Ал, ұзақмерзімді несиелеу  2,8 пайызға төмендеді», - деді ол.

Оның айтуынша, жаңа несиелер сауда мен өнеркәсіпке бағытталды.

«Құрылысқа  256 млрд теңге бағытталды, ауыл шаруашылығына – 188,1 млрд теңге, көлік саласына – 182 млрд теңге бағытталды», - деді ол.

Кәсіпкерлікті қолдау үшін жеңілдікті несие  беру үшін  мемлекеттік қаражат  бөлінді.

«Қолданылған шаралар  ШОБ субъектілерін несиелеуді ұлғайтуға мүмкіндік берді.  Жыл басынан бері  35,3 пайызға ұлғайып,  2,8 трлн теңгені құрады. Ұлттық банк инфляциялық күту негізінде  негізгі ставканы  17 пайыздан қазанда  12,5 пайызға түсірді», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика