Үкімет

А. Рау: Ирандық алтын Қазақстан зауыттарында өңделеді

Қазақстанға алғаш рет Ираннан отандық зауыттарда өңделетін алтын әкелінді, деп хабарлады инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 11:09

«Біз Ираннан алғаш рет әзірше көлемі 125 кг құрайтын алтын әкелдік. Біздің отандық компания алтын кен орындарын қазумен айналысады. Жыл соңына дейін тағы 500 кг жуық әкелеміз. Егер қазір біз 11 тоннаға шықсақ, бұл 700 кг – едәуір үлес болмақ. Келесі жылы олар Иранда өндірілген алтынның 2 тоннасына дейін отандық аффинаждық зауытта өңдеуді жоспарлап отыр», - деп хабарлады инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Министр қара металлургия өндірісі көлемдерінің өсуін алтын өндірісінің ұлғаюымен байланыстырады. Оның айтуы бойынша, елде өндірілген барлық алтын отандық зауыттарда өңделеді.

«Өңделмеген алтын өндірісі 19%-ға ұлғайған. Тазартылған алтынның 19%-ға өскеніне назар аудару қажет. «Қазақмыс» тазартылған алтын өндірісін ұлғайтты. Бүгінгі күні елімізде өндіріліп жатқан алтынның барлығы отандық зауыттарда өңделуде», - деп атап өтті А. Рау.




Яндекс.Метрика