Үкімет

Қ.Бишімбаев: Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып келеді

Жалпы, 2016 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері оңтайланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 10:53

«Жалпы, 2016 жылдың  9 айында әлеуметтік-экономикалық   дамудың көрсеткіштері  оңтайланды. Айта кетерлігі, ең қиын кезеңді бірінші тоқсанда өткердік,  ол кезде экономиканың түсімі  0,4 пайызды құраған еді, маусым айынан бастап  экономика өсімінің  қарқыны тұрақтанды», - деді министр.

 «Экономикалық өсімнің негізгі үлесін құрылыс (6,9%), ауыл шаруашылығы (4,9%), көлік (4,0%), өңдеуші өнеркәсіп (0,6%) салалары құрап отыр», – дейді министр.

Министр ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпіннің байқалғандығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұйымдары мен фармацевтика өнімдерінің өндірісі өсті.

Ол сонымен қатар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өнеркәсіп өсімінің жоғарғы қарқыны байқалатындығын айтып өтті.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 7,0%-ға ұлғайту есебінен шамамен 5%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 2,5%-ға өсті. 11 қазандағы жағдай бойынша 15,2 ц/га өнімділіктен 23,2 млн тонна астық бастырылды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш. Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысын ұлғайту есебінен 6,9%-ға артты.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Астана қаласындағы тұрғын үйлерді өткізудің айтарлықтай ұлғайған қарқыны есебінен 13,6%-ға өсті», - деп мәлімдеді министр.

«Ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі  Маңғыстау облысын қоспағанда 13 өңірде байқалып отыр, Маңғыстауда  12,3 пайыз  түсім байқалып отыр.   Ең жоғарғы көрсеткіш Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстанда байқалып отыр», - деді ол.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика