Үкімет

«Нұрлы жол» қаражаты жылдық көлемнен 70%-ға игерілген

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 9 ай ішінде жылдық көлемнің 70%-ға жуығы пайдаланылған, деді ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «2016 жылғы 9 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 10:46

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 9 ай ішінде жылдық көлемнің 70%-ға жуығы пайдаланылған. «Нұрлы жол» бюджет бөлігінің қаражатын игеру динамикасы жақсы. Әкімшілер Астана халықаралық әуежайы, Жезқазған – Бейнеу теміржол желісі және Алматы – Шу теміржол учаскесі, Құрық портындағы паром кешені, ҰИМТ АЭА инфрақұрылымы сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған қаражатты толық көлемде аударған. Осы жобалар болашақта мультипликативті әсер береді», - деді Б. Сұлтанов.

Ведомство басшысы атап өткендей, тұрғын үй құрылысына және ТКШ, білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қаражат та өңірлерге уақтылы аударылған. 

«Жергілікті органдар 161,6 млрд теңгені немесе алынған қаражаттың 97,1%-ын игерген. 3,7 млрд теңге игерілмеген. Жалпы, игеру оңтайлы кесте бойынша орын алуда, қалған қаражат жыл соңына дейін тең бөлінді», - деп қосты Б. Сұлтанов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика