Үкімет

ҰЭМ: 2016 жылдың 9 айында шетелдік инвестициялар ағыны 4,1 пайызға өсті

2016 жылдың 9 айында шетелдік инвестициялар ағыны 4,1 пайызға көбейді, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 10:37

«2016 жылдың  9 айында шетелдік инвестициялар ағыны  4,1  пайызға көбейіп,  5,1 трлн теңгені құрады. Бұл ең алдымен  «Нұрлы жол» бағдарламасының  инфрақұрылымдық  нысандарын жүзеге асырумен байланысты», - деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, аталмыш бағытта оң көрсеткіштер бар.

Оның айтуынша, инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі  кәсіпорындардың өз қаражаттары болды – 3 трлн теңге, банк несиелері – 319 млрд теңге,  өзге қарыз қаражаты – 969,6 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың  9 айында шетелдік инвестициялар ағыны  4,1 пайызға көбейіп,  5,1 трлн теңгені құрады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша экономикалық өсім 9 айда 0,3 пайызға өскен. Ал қаңтар-тамыз айы аралығында 0,4 пайызға артты», – дейді Бишімбаев.

Оның айтуынша, елімізде инфляция қарқыны төмендеп, валюта нарығы тұрақтаған және бизнеске деген инвестициялық белсенділік артқан. Сондай-ақ ол жұмыссыздық төмен деңгейде сақталып отырғанын атап өтті.Экономикалық өсімнің негізгі үлесін құрылыс (6,9%), ауыл шаруашылығы (4,9%), көлік (4,0%), өңдеуші өнеркәсіп (0,6%) салалары құрап отыр.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика