«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Астана – Теміртау автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Астана – Теміртау автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда жолды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Смағұлов.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 16:09

 «Жаңа Астана - Теміртау тасжолының жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта жолдың қайта жаңарту жұмыстары толық дерлік аяқталған.Жол жобалау жылдамдығы 140 км/сағ. болатын I – техникалық санатты стандарттарға сәйкестендіріліп салынуда. Қарсы бағыт жолағы ЖКО кемінде 3 есе, ал салдардың ауырлық деңгейін және жарақат дейгейін 8 есе қысқартатын иілген бөренелермен бөлінген», - деді С.Самғұлов.

Жолдың қайта жаңарту жұмыстары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес барлық технололгияларды толық сақтай отырып жүргізілді.

Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жолда тәулігіне 6000 көліктен 28000 көлікке дейін өткізу мүмкіндігін арттырады.

Жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Аршалы ауылы және Ошағанды ауылында жол бойындағы жылыту қызметін көрсететін 2 тұрақ салу көзделуде.

Биылғы жылы жұмыстарды аяқтау үшін 51,5 млрд теңге бөлінген. Жұмыс алаңдарында 2000 астам жұмысшы және 1200-ге жуық техникалық жабдық тартылған.

Жолды жаңарту жұмыстары барысында қолданылатын материалдардың 85%-ы Қазақстан өндірісінің өнімі болып табылады.

Жиналысты қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана – Теміртау автожолындағы қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғандығын атап айтты. Оған қоса, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ осы жылдың 10-шы қарашасына дейін жол бойын жабдықтау жұмыстарын аяқтауды және көлік қозғалысының үздіксіз қатынауы үшін қауіпсіз жағдай қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика