Үкімет

Бюджет қызметкерлерінің жалақысына жұмсалған шығыстар 9 ай ішінде 1 трлн теңгені құрады – ҚР ҚМ

Бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеуге жұмсалған шығыстар 18%-ға өсіп, 1 трлн теңгені құрады, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «2016 жылғы 9 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 10:32

«Мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі 13%-ға өсіп, 7 трлн теңгеге жетті. Бюджет қызметкерлерінің жалақылары және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тапсырыстар ұлғайтылды, бұл жалпы тұтынушылар сұранысын арттырды. Мысалы, бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеуге жұмсалған жиынтық шығыстар 18%-ға өсіп, 1 трлн теңгені құраған. Тағы 1,7 трлн теңге экономикалық өсуді ынталандыратын инвестициялық шығыстарға бағытталған», - деп хабарлады ол.

Ведомствоның деректері бойынша, барлық шығыстардың жартысынан астамы немесе 3,6 трлн теңге әлеуметтік салаға бағытталған. Соның ішінде 1 трлн теңге зейнетақы төлеуге жұмсалған.

«Жалпы мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6%-ға орындалған, соның ішінде республикалық бюджет - 99,4%-ға және жергілікті бюджеттер 97,9%-ға орындалған. Орталық деңгейдегі игеру жақсарған. Алайда, өңірлердің бюджеттері игеру пайызы бойынша бұрынғысынша республикалық бюджеттен артта қалуда. Сондықтан, орталық органдар мен әкімдіктер бюджет қаражатын игеру үшін қажетті барлық кезеңдер мен іс-шараларды қадағалайтын арнайы портал әзірленді», - деп қосты министр.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика