Үкімет

Б.Сұлтанов: 9 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке түскен кіріс мөлшерден 1 трлн теңгеге асып түсті

9 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке түскен кіріс мөлшерден 1 трлн теңгеге асып түсті, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің отырысында.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 10:29

«Биылғы жылдың  9 айында мемлекеттік бюджетті орындау  сапалы көрсеткіштерге ие болды. Кіріс  қатары  жоспардан артығымен орындалды, салық өткен жылдың көлеміндей жиналды. Шығындар игерілді,  қазіргі кезде шарықтау шегіне жетіп отыр.  Шығындардың жартысы  әлеуметтік қалғаны экономикалық өсімге бағытталды.  Өңірлік экономика  экономикалық тұрақтылыққа бағытталған трансфертпен қолданды. Жалпы, бюджетте оңтайлы өсім бар», - деді Б.Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, салықтық-бюджет саясатының оңтайлы орындалуы экономикалық жағдайға оң әсер береді.

«Кірістер  1 трлн теңгеге артық жиналды. Бұл макроэкономикалық ортаның жақсарғанын көрсетеді. Мәселен,  белсенді төлеушілер қатары  7,3 пайызға көбейіп,  85 мың кәсіпорынды құрады.  Кірістердің  жоспардан асып кетуі  бюджетті нақтылауға себеп болды.  Осылайша, экономиканы қолдау  қосымша салықтарды жинауға әсер етті, ал салықтар бюджет арқылы  қайта экономикаға айналып келеді. Жалпы,  мембюджет кірісі  126 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджет 131 пайызға, ал жергілікті бюджет  115 пайызға жүзеге асты», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика