Үкімет

Қазақстанның ЖІӨ-сі 2016 жылғы 9 ай ішінде 0,4%-ға өсті

2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісі 0,4%-ға ұлғайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 10:23

«Инфляция жыл басынан бері - 5,6%-ды, жылдық көріністе 16,6%-ды құрады. Айлық инфляциялар ағымдағы жылғы қыркүйекте және тамызда 0,2%-ды құрады. Жыл басынан бері инфляциялық процестердің бәсеңдеуі аясында ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені ақпандағы 17%-дан қазан айының басындағы 12,5%-ға дейін біртіндеп төмендетті», - деп мәлімдеді министр.

Осылайша, 2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісі 0,4%-ға ұлғайған.

Қ. Бішімбаев атап өткендей, халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақша кірістері 2016 жылғы қаңтар-тамыз аралығында 583 мың теңгені құрап, 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда атаулы көріністе 8,8%-ға өскен. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы орташа айлық атаулы жалақы 139,4 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 13,8%-ға ұлғайған. 2016 жылғы қыркүйекте жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құраған.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика