Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісі субъектілеріне арналған геопорталы әзірленді және іске қосылды

Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ) спутниктік және жерүсті мониторингі, Жерді қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер деректерін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы құрғақшылықтың, құрғақшылық процестерінің мониторингі және оларды талдауға арналған геопортал әзірленді және іске қосылды.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 10:12

Қазғарыш хабарлағандай, жоба БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Америка халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (USAID) ынтымақтастықта және олардың қолдауымен жүзеге асырылды.

Геопортал Қазақстанды және оның ауылшаруашылық өндірісін климаттық өзгерістерге бейімдеу мақсатында жасалып, іске қосылуда.

2016 жылғы 24 қазанда  Алматы қаласында, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ конференц-залында геопорталдың алғашқы нұсқасының тұсаукесері өтті.

Геопортал құрудағы басты мақсат – мүдделі қазақстандық тұтынушыларға құрғақшылық туралы деректерді бейнелі қабылдаудың ыңғайлы түрінде ұсыну.

Ақпарат фермерлер, Қазақстан аумағының атқарушы билік органдары, ауыл шаруашылығында қызмет ететін мамандар үшін анағұрлым қажет.

Қазақстан астық дақылдарының аса ірі экспортқа шығарушысы болып табылады. Алайда, республиканың ауыл шаруашылығымен айналысатын түгелге жуық аудандары, жерді өңдеудің дағдарысты аймақтарына жатады, климаттық қолайлы жылдары (гидрометеорологиялық шарттар тұрғысынан қарағанда) жоғары өнімдер алынады, ал құрғақшылық жылдары өнімнің маңызды бөлігі шығынға ұшырауы мүмкін. Құрғақшылықты болжаудың ерекшеліктерін білу үлкен тәжірибелік маңызға ие, себебі құрғақшылық сыртқа шығарылатын немесе сырттан әкелінетін өнімнің көлеміне, ал бұл, өз кезегінде, фермерлер мен мемлекеттің жалпы табысына әсер етеді.

2005-2008 жылдардағы қолайсыз агрометеорологиялық құбылыстар мен зиян шеккен фермерлік щаруашылықтарға жүргізілген талдаулар Қазақстан аумағындағы құрғақшылықтың мониторингі мен оны болжауды жақсартудың өзектілігін көрсетеді.

Талдау көрсеткендей, Қазақстандағы қолайсыз гидрометеорологиялық құбылыстардың негізгі бөлігі атмосфералық (60 % жуық жағдайда) және топырақтың (20 %) құрғақшылығы болып табылады.

Осыған орай, Қазақстанға, әсіресе, ауыспалы климаттық жағдайда құрғақшылық мониторингіне арналған геопорталы өте қажет. Оны пайдалану климаттық өзгерістердің әсерін жеңілдету бойынша дер кезінде шаралар қолдануға ықпалын тигізеді.

Ауылшаруашылығы өндірісінің, астық өнімділігін болжаудың, ылғалдылық қорларын, қар қабатын, құрғақшылықты, биоқауіптіліктерді бағалаудың мониторингі бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер «ҰҒЗТО» АҚ-да өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері жүргізіліп келеді және көпжылдық деректер базасы жинақталған. Тек қана осы бақылаулар мен зерттеулердің арқасында геопортал сияқты өзекті жобаны құру мүмкін болып отыр. Геопорталдың интерфейсін Орталық мамандары дайындаған және ол кез келген мүдделі құрылымның – фермерлерден бастап Ауылшаруашылығы министрлігінің мамандарына дейін – пайдалануына мейлінше ыңғайлы етіп бейімделген.

Сөйтіп, ғарыштық технологиялар қазіргі таңда ауылшаруашылық қызметінде пайдаланылып отыр. Мұндай әзірлемелер дамыған елдерде табысты жұмыс атқарып, пайдаланылуда.

Аса үлкен, оның ішінде ауылшаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын орасан аумақты алып жатқан Қазақстан жері үшін ғарыштық технологияларды пайдалану ерекше маңызды.

Геопорталды іске қосу іс-шараға  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары мен қызметкерлері, халықаралық және ұлттық сарапшылары қатысты.




Яндекс.Метрика