Басқару

ҚР Президенті Сауд Арабиясында Медина провинциясының губернаторымен кездесті

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қазан , 08:49

Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келді. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.  

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізу қарастырылған.  

 




Яндекс.Метрика