«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

Қазақстанда балалар бақшалары мен шағын орталықтар саны 4 есе өсті – ҚР БҒМ басшысы

Қазақстанда «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері балалар бақшалары мен шағын орталықтар саны 4 есе өсті, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың кезекті брифингі кезінде.
Казахстан28 Қаңтар , 00:00

«Қазақстанда «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері балалар бақшалары мен шағын орталықтар саны 4 есе өсті, оның ішінде жекеменшік балалар бақшасының саны 2,5 есе өсті», - деді Б.Жұмағулов.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде мектепке дейінгі білім берумен 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 71,5% қамтылған, 4 мыңнан астам мектеп алды ұйымдары құрылған, балалар бақшаларын құру жөніндегі мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік енгізілуде.

ҚР БҒМ ақпарына қарағанда, қазіргі кезде елімізде 8590 мектепалды ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде  - 3128 балалар бақшасы мен 5462 шағын орталық бар, оларда  644,3 мың бала тәрбиеленеді.

Балаларды мектепалды тәрбиесімен және оқытумен қамтамасыз етудің 2010-2014 жылдарға арналған  «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына және Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарына сай әзірленген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты -  2015 жылға дейін балалардың  70 %  мектепалды тәрбиесімен және оқытумен және 5-69 жастағы балаларды мектепке даярлау ұйымдарымен толығымен қамтамасыз ету.

2007-2009 жылдары Қазақстанда 142,1 мың орындық 2557 мектепалды ұйымдары ашылды, оның ішінде 75 мың балаға арналған 612 балалар бақшасы бар. ҚР БҒМ мәліметтері бойынша, 2010 жылы құжат жүзеге асқанға дейін республикада 4972 мектепалды ұйымы болған, оның 2003 ­ балалар бақшасы. Балаларды мектепалды ұйымында тәрбиемен және оқытумен қамту     373 160 адамды немесе мектеп жасына дейінгі балалардың  38,7 % құрайды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика