Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі МӘМС қоры арқылы қаржыландыруға 90% дайын (ФОТО)

Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі МӘМС қорына ауысады және Қазақстанның әрбір азаматын есепке алуды жүргізеді, бүгінгі күні жүйе МӘМС қоры арқылы қаржыландыруға 90% дайын, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы базасында ДСӘДМ ақпараттық жүйелерімен таныстыру жөніндегі отырыс барысында.
Нұр-Сұлтан 24 Қазан, 18:04

«Бүгінгі күні біз МӘМС жүйесіндегі есепке алу, қаржыландыру қалай жүргізілетіні жөніндегі ақпараттық жүйелерді көрсеттік. Барлық ақпараттық жүйелердің негізгі әлеуеті іске асырылған, біз бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Бізде Қазақстан ішіндегі барлық жағдайларды әкімшілендіруді жүзеге асыратын медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті бар, ақы төлеу сол арқылы жүргізіледі, сәйкесінше, Қор оның мирасқоры болады және осы комитетте жұмыс істейтін дайын мамандар қор қызметкерлері болады», - деп мәлімдеді ол.

Вице-министр түсіндіргендей, бүгінгі таңда Қазақстан азаматын әрбір емдеуге жатқызу жағдайы электрондық порталға енгізу арқылы жүргізіледі, яғни жоспарлы-медициналық көмек алатын барлық азаматтар осы ақпараттық жүйе арқылы өтеді. Осылайша, бұл жүйе Қор жүйесіне өзгеріп, әрбір азаматты есепке алуды жүргізеді.

Сонымен бірге, жүйемен таныстыру барысында ақпараттық жүйенің МӘМС қоры арқылы қаржыландыруға 90% дайын екені белгілі болды.

«Қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі күні ақпараттық режимде әлеуметтік маңызды ауруларды қаржыландыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр.

Біздің еліміздің ауруханаларына күн сайын 6 мыңға жуық науқас жататынын, күн сайын 300 мыңға жуық адам келетінін атап өту қажет және осының барлығы оның негізінде МӘМС қорының қаржыландырылуы құрылатын бірыңғай ақпараттық жүйемен тіркеледі және әкімшілендіріледі.

Отырыс барысында «Төлемдерді ұйымдастыру және өңдеу» ақпараттық жүйесінің «Жарналар мен төлемдерді жинау» модулінің, «Жарналар немесе аударымдар туралы мәліметтер алу және жеке тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы мәліметтерді жүргізу бөлігінде бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Медициналық қызметтерді тұтынушылардың тіркелімі» модулінің функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Көрсетілген ақпараттық жүйелер жарналар мен аударымдардың ашық есепке алынуын, ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде сақтандырылған тұлғаларды есепке алуды, сондай-ақ МӘМС қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Индира Қауметова

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика