Өңірлер

Ақтөбе облысында ШОБ-тің 50 мыңнан астам субъектісі тіркелді

Ақтөбе облысында 2016 жылдың 9 айы бойынша шағын және орта бизнестің 50,8 мың субъектісі тіркелді.
Ақтөбе24 Қазан , 20:29

«Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында хабарлағандай, облыста шағын және орта бизнес дамуда, бөлшек тауардың  көлемі  215, 7 млрд теңгені құрады.

Облыстың негізгі капиталына  211,2 млрд теңге инвестиция құйылды. Инвестиция көлемінің төмендеуі Ырғыз, Темір, Мұғалжар, Ойыл, Алға аудандарында байқалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 94 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, облыста 21672 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде  тұрақты жұмыс орнымен  7591 адам, маусымдық – 682 адам, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа  қоғамдық жұмыстармен 7604 адам қамтылды.

 




Яндекс.Метрика