Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада жыл басынан бері 600-ден астам адам жастар тәжірибесіне жіберілді

Жыл басынан бері 623 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 17:48

Жастар тәжірибесі - оқу орындарының түлектері алған мамандықтары бойынша бастапқы тәжірибе жинауы үшін орындалатын, төленетін еңбек қызметінің түрі. Оған қатысу ұзақтығы - 6 айға дейін, жалақысы айына 45 800 теңгені құрайды. Тәжірибе меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 16 адамға әлеуметтік жұмыс орындары (жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен келісімшарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялаумен құратын жұмыс орны) берілді.  

 

 




Яндекс.Метрика