Парламент

Парламент Сенатының кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенатының Бюро отырысында 27 қазанда болатын Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі талқыланды, деп хабарлады Сенат.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 15:13

Сенаторлар «Париж келісімін ратификациялау туралы» және Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан және Ресейдің уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды.

Сенат Бюросы Қаржы және бюджет комитетін «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет етіп белгіледі.

Бюро мүшелері сондай-ақ Сенаттың 2016 жылға арналған Негізгі іс-шараларының жоспарына өзгеріс пен толықтырулар енгізді.

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада жұмыспен қамтуға арналған дөңгелек үстелдің және жол қозғалысы саласын құқықтық реттеу туралы парламенттік тыңдаудың жоғары деңгейін атап өтті. Төраға тұрақты комитеттердің басшыларына шаралардың қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдардың тиісті мемлекеттік органдарда іске асырылуын бақылауды тапсырды.

Қ. Тоқаев сондай-ақ Сенат депутаттарының сөздері мен көтерген өзекті мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету қажеттігін атап көрсетті.




Яндекс.Метрика