ҚР Президентінің Жолдауы

ДСӘДМ: ЖҚЖК аясында жөндеу жұмыстарында 63 мың адам жұмысқа тұрды

Соңғы төрт жылда ЖҚЖК-2020 аясында жөндеу жұмыстарына 63 мың адам жұмысқа орналасты, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президенті Жолдауы төңірегінде жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша құқықтық қамтамасыз ету мәселесіне арналған дөңгелек үстел барысында.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 09:53

«Соңғы төрт жылда ЖҚЖК-2020 аясында жөндеу жұмыстарына  63 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 34 мыңы  жұмыспен қамту орталықтарының көмегімен жұмысқа тұрды. Осы уақыт ішінде бағдарлама қатысушылары өз кірістерін  зейнетақы қорына 2,7 млрд теңге көлемінде ауыстыра алды. Әлеуметтік сақтандыруға – 1,2 млрд теңге  бағытталды. Жұмысқа орналасқандардың  14 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды», - деді министр.

Оның айтуынша, биылғы жылы бұл бағыт аясында  84 млрд теңгенің  5 243 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, ол 41 мың жұмыс орнын ұсынбақ.

«2016 жылдың  1 қазанына сәйкес,  1410 нысан аяқталды, онда 22 мың адам жұмыспен қамтылды. Қалған 3800 жоба жүзеге асырылуда. Үкіметтің арнайы резервінде  шалғай жатқан ауылдарды қамтамасыз  етуде 28 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаражатқа біз 3607 елді мекенде жұмысты бастадық», - деді Ведомство басшысы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика