Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

А.Беляков: Беларусь жастары ҚР Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифестін қолдайды

XXI ғасырдың жастары өздерінің күш-жігерін әлемді жақсарту үшін жұмсауы керек, деді «Беларусь республикалық жастар одағы» қоғамдық ұйымының орталық комитетінің бірінші хатшысы Андрей Беляков «Нұр Отан» партиясында өткен «Әлем. XXI ғасыр» арнайы жастар сессиясында айтты.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 11:24

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының жастар кеңесі халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытудағы бірегей алаң болып саналады. Бұл орайда бейбіт халықаралық байланыс  үшін қолайлы жағдай жасаған  өте маңызды. Жастардың осы сынды жақындастығы мемлекеттік қарым-қатынастағы негізде  достықты  құруға  мүмкіндік береді.  Бұл қарым-қатынастың маңызды құндылығы бейбітшілік болып табылады. Беларусь екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір үшінші тұрғынынан айырылды», - деді А.Беляков.

Ол айтып өткендей, беларусьтар соғыстың  салдарын ұмытқан жоқ, алайда бірігіп барлығын өткеруге болатынын біледі.

«Беларусь елінің басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммитінде Беларусь ШЫҰ-ның халықаралық қауіпсіздік саласындағы барлық бастамасын қолдайтынын атап өткен болатын. Бұл орайда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Әлем. XXI ғасыр» манифесті өте өзекті. Беларусь жастары және  жалпы халқымыз  бейбітшілікті ту еткен  бастамаларды  қолдайды. Сондықтан,  XXI ғасырдың жастары өздерінің күш-жігерін әлемді  жақсарту үшін жұмсауы керек», - деді А.Беляков.

Айта кетейік, Астанада «Әлем. XXI ғасыр» арнайы жастар сессиясы ашылды, ол Қазақстанның  2016-2017 жылдары ШЫҰ-ның жастар кеңесіндегі төрағалық етуі аясында жүзеге асырылды. Шараны ұйымдастырушы: «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика