Парламент

Қазақстан мен Ресейдің салық салуды саласындағы келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Қазақстан мен Ресейдің салық салуды саласындағы келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенат.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 12:09

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2016 жылғы 22 ақпанда Астанада және 2016 жылғы 15 наурызда Мәскеуде жасалған Келісім резиденттікті растайтын ресми құжаттарды танудың оңайлатылған тәртібін белгілейді. Құжаттың қолданыла бастауы екі мемлекеттің резиденттеріне арналған салық рәсімдерін жеңілдетуге және инвестициялық климаттың жақсаруына әкеледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 




Яндекс.Метрика