Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада 9 айда ЖӨӨ көлемі 2,1 трлн теңгені құрады

Астанада 9 айда жалпы өңірлік өнім көлемі 2,9%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 13:49

Қаланың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 2016 жылдың І жартыжылдығында 2,1 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9%-ға артық. Астананың республиканың ЖӨӨ-нің көлеміндегі үлесі – 11,1%-ды құрады.

Экономиканың өсімі негізі салалық құрылымдар есебінен, атап айтқанда құрылыс саласында - 19,8%, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 18,8%, қаржы және сақтандыру қызметі –10%, көлік және қоймалау саласында – 9%,басқа да қызметтер – 41,4% қамтамасыз етілді.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші 2,4 млн теңгені құрап, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,2 есеге (1,1 млн.теңге) артты. Бұл тұрғыда Астана экономикасы мұнай секторына негізделген Атырау облысынан кейін 2-ші орында.




Яндекс.Метрика