Қазақстанның Тәуелсіздігі

Ресейдегі қазақ жастары Қазақстан тарихы саласындағы өз білімін тексерді (ФОТО)

Мәскеуде Ресей Федерациясында тұратын отандастарымыздың арасында (14 жастан 24 жасқа дейін) қазақ тілін, мәдениетін және Қазақстан тарихын білуге «Елім менің» («Моя страна») атты олимпиада аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның РФ-дағы Елшілігі.
Әлемде24 Қазан , 09:57

Интеллектуалдық сайысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Қазақстан халықтарының тілдері күнін тойлау аясында ресейлік өңірлердегі қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктерінің қолдауымен ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі мен консулдық мекемелері ұйымдастырды. Сондай-ақ, олимпиадаға қазақ тілін үйреніп жүрген ресейлік студенттер де қатысты.

Елшілікте атап өткендей, олимпиаданың басты мақсаты Ресейдегі қазақ жастарының қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру және Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Байқау екі кезеңмен өткізілді. Бірінші іріктеу кезеңінде ҚР-ның РФ-дағы әрбір консулдық округінде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Омбы, Казань) қазылар алқасы финалға қатысатын үздік қатысушыларды анықтады.

Олимпиада финалы Мәскеу Мемлекеттік Лингвистикалық Университетінің (ММЛУ) алаңында өтті. Байқауға қатысушыларға жазбаша және ауызша тестілер берілді.

128 балдың ішінен 100 балл жинаған, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің студенті Инесса Куанова жеңімпаз атанды.

Іс-шара «Шабыт» қазақстандық студенттердің этно-музыкалық тобының шағын концертімен аяқталды. 




Яндекс.Метрика