Өңірлер

ШҚО Қарағанды және Павлодар облыстарымен тауар айналымын арттырады

«Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумы ШҚО-ның өзге аймақтармен ықпалдастық байланысына жаңа серпін берді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 24 Қазан, 09:38

Форумның пленарлық мәжілісі соңында Шығыс Қазақстан облысы Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен сауда-экономикалық, ғылыми және өзге салалар бойынша ортақ меморандумдарға қол қойды.

Өскемен қаласында «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр. Пленарлық мәжіліс барысында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдері аймақтардың сауда-экономикалық байланыстарын дамыту, кәсіпкерлік әріптестікті нығайту мәселелеріне тоқталып өтті. Аймақтардың бизнес қоғамдастығын орнатудағы әлеуеті жоғары.

ШҚО мен Қазақстанның екі ірі аймақтарының арасындағы әріптестік байланыстары сауда, бизнес, ауылшаруашылығы салалары бойынша қарқынды дамымақ. Ал мәдениет, спорт, білім беру салаларындағы байланыс жастар үшін маңызды болады.

Форум барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов форумның жаңа идеяларға, инновация мен инвестицияға бет бұрған Шығыс Қазақстан үшін маңыздылығы зор екенін атап өтті.

Форум соңында тараптар сауда-экономикалық, ғылым, кәсіпкерлік және аграрлық салалар бойынша меморандумдарға қол қойып, ықпалдастық байланыстарын нығайта түсті. Бұл экономиканың нақты секторлары бойынша байланысты нығайтып, ортақ инвестиция алмасуға жол ашады.

Сонымен қатар, келісім аясында Шығыс Қазақстанның Қарағанды және Павлодар облыстарымен сауда айналымын арттырмақ. ШҚО осы аймақтардың нарығына ауылшаруашылық, азық-түлік, жеңіл металл өңдеу, машина жасау өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

 





Яндекс.Метрика