Басқару

Қазақстанда сыртқа шығу туризмі саласындағы азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілуде

Қазақстан Республикасының Үкіметі туроператорлар өз міндеттерін нашар орындаған немесе орындамаған жағдайларда қазақстандық туристерді қайтару мәселелерін реттейтін қаулы жобаларын қабылдады.
Нұр-Сұлтан22 Қазан , 15:34

Соңғы жылдары жосықсыз туроператорлардың кінәсі бойынша қазақстандық туристердің шет елдерде ақысы төленген орынсыз және/немесе кері қайтатын билетсіз қалған жағдайлар жиі орын алған болатын. 

«Енді осыған ұқсас жағдайлар туындаған кезде «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры қазақстандық туристерді уақытша орналасқан елінен республикаға қайтару бойынша шаралар қабылдайтын болады. Жүйе туроператор үшін - 5 мың АЕК (10 млн 605 мың теңге), ал кеме жалдаушы туропертор үшін 15 мың АЕК (31 млн 815 мың теңге) көлемінде міндетті банк кепілдігінің болуын міндеттейді», – деп хабарлады ҚР ИДМ.

Қазақстан Республикасының турист азаматтарын қайтаруды жүзеге асыру үшін туроператор немесе кеме жалдаушы туроператор қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына іске асырған әрбір туристік өнімнен 0,5 АЕК (1 061 теңге) мөлшерінде аударымдардан құралатын арнайы шот ашылады.

Еске сала кетейік, бұрын жобаларды Туризм жөніндегі кеңес, Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, аккредиттелген бірлестіктер қарап, мақұлдаған болатын.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы азаматтарына туристік компаниядан турөнім сатып алу кезінде турөнімді қалыптастырған туроператор мен «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры арасында жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты анықтау қажеттігіне назар аударуды ұсынады.

Көрсетілген жаңалықтар алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 




Яндекс.Метрика