Бюджет саясаты

Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті тиімсіз қолданғандар үшін жауапкершілік бекітілді – ЭБЖМ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті тиімсіз қолданушылар үшін жауапкершілікті қарастырылады.
Нұр-Сұлтан06 Желтоксан , 10:33

«Заң Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын және Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді», - делінген хабарламада.

 Заңда заңнамаға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді: шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төменгі көлемдері енгізіледі.  Жергілікті бюджеттен белгіленген ең төменгі көлемдерден аз қаражат бөлінген жағдайда, әкімдердің  жауапкершілігі белгіленеді.

Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша лимиттер және жаңа бастамаларға арналған лимиттер енгізіледі, олардың шегінде бюджеттік өтінімдер қалыптастырылатын болады.Бюджет қаражатын толық игеру кезінде бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдармалар әкімшісінің бірінші басшысының тәртіптік жауапкершілігі белгіленеді.

Мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтеріне объектіге шығу құқығымен бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі.Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау бойынша тәсілдер өзгертіледі.

Заңды қабылдау бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті, бюджеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді және 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы заңның іске асырылуын қамтамасыз етеді.Қазіргі уақытта Заңды іске асыруға заңға тәуелді нормативтік құқықтык актілерді әзірлеу бойынша жұмыс басталды.

 

 

 




Яндекс.Метрика