Басқару

Қазақстан басқа елдердің тапсырысы бойынша қымбат бағалы металдардан ақша дайындайды

Әлемде 69 ақша сарайы бар деп есептеледі, алайда, ТМД елдерінде тек 3-уі ғана жұмыс істейді – Қазақстан, Ресей, Украина, деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Әкішев ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында.
Шығыс Қазақстан 22 Қазан, 13:57

Д. Әкішев Ақша дайындаудың толық өндірістік циклымен жоғары технологиялық жабдығы бар кәсіпорын ретінде Қазақстандық теңге сарайының бірегейлігін атап өтті.

«Металл өңдеу және заманауи монеталық және қорғалған өнімді өндіру саласында бірегей біліктілігі бар қызметкерлер қалыптастырылды. Оған қоса, ұжымның ұйымшылдығы, кәсіптік дәстүрлердің сабақтастығы сақталуда және баға жетпес тәжірибені жұмыскерлердің келесі буынына жеткізу мақсатында кадрлар даярлау жүйесі реттелді», – деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуы бойынша, өнім сапасы мен қызметкерлердің біліктілігі Қазақстандық теңге сарайын экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық және бәсекелі кәсіпорын ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. «Экспорттық қызметтер Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь сияқты елдерге көрсетіледі. Сондай-ақ, Германия мен Польша компанияларының тапсырыстары бойынша қымбат бағалы металдардан ұлттық валюта ақшалары да дайындалады», - деп хабарлады Д. Әкішев.





Яндекс.Метрика