Баланы қорғау

UNICEF жобасы аясында ШҚО-да ой-өрісі бұзылған 300-ден астам бала қараудан өтті

2013 жылы Шығыс Қазақстан облысында БҰҰ Балалар қорының ой-өрісі бұзылған балаларды емдеуге бағытталған UNICEF қанатқақты жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан06 Желтоксан , 10:18

«2013 жылы ШҚО аумағында БҰҰ Балалар қорының ақыл-есі бұзылған балаларды емдеуге бағытталған «ШҚО-да ақыл-есі бұзылған балаларға арналған инклюзивті қоғамды дамыту» атты UNICEF қанатқақты жобасы іске қосылды», - делінген хабарламада.  

Бағдарлама кеңесшісі Ж.Жибраеваның айтуынша, жобаның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың спортпен, білім беру, денсаулық сақтау және өзге де салалар бойынша қоғам өміріне етене жақын араласуына мүмкіндік беру.

Сонымен, 2-7 жас аралығындағы ақыл-есі кем 51 бала «Жас атлеттер» бағдарламасы аясындағы шараларға қатысты. Бағдарлама шеңберінде 300-ден астам балаға скринингтік қарау ұйымдастырылды. Сонымен қатар Семейдегі Мемлекеттік медицина университеті мен Өскемендегі Медицина колледжінің 210 ерікті студентін оқыту жұмыстары жасалды.

Бұдан бөлек жалпы білім беру және бейімдеу мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне рухани әдістемелік семинар ұйымдастырылды және бапкерлерге арналған 500 әдістемеліктер шығарылды.

«Бағдарлама бойынша 75 отбасы «Отбасылық форумы» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды. Ақыл-есі кем балалардың ата-аналары, мемлекеттік органдарға арналған отбасыларды аталмыш бағдарламаның барлығын ескерту мақсатында және бағдарламаның олардың балаларына тигізер пайдасын таныстыру үшін құрылымдық қатынас құратын диалогтық алаң құрылды», - деді Ж.Жибраева.

Аталмыш жоба БҰҰ UNICEF Балалар қоры мен ШҚО әкімдігі мен Special Olympics халықаралық ұйымның бірігуімен ұйымдастырылды.




Яндекс.Метрика